Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф жеребесі тартылады

AstanaTV
07.08.2023ж. 10:57
757
Бүгін Еуропа Лигасының плей-офф жеребесі тартылады

Еурокубоктың қазақстандық қатысушылары дүйсенбі, 7 тамызда плей-офф раундта қарсыластарын біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа лигасында Қазақстанның атынан «Астана» өнер көрсетеді. Үшінші іріктеу кезеңінде Григорий Бабаянның командасы болгариялық «Лудогорецпен» кездеседі. Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады және мына жерден көруге болады.

Конференциялар Лигасында Қазақстаннан «Ақтөбе» және «Тобыл» өнер көрсетеді. Үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» румыниялық «Сепсимен» ойнайды. Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінің тікелей эфирі Астана бойынша сағат 18:00-де басталады және мына сілтемеден көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда «Астана» Чемпиондар лигасында өнер көрсетті, алайда екінші раундта загребтік «Динамодан» ұтылып қалды (0:6 — екі матчтың қосындысы бойынша). Сондай-ақ, Қазақстан еурокубоктарда бірінші өкілінен айырылды: «Ордабасы» конференциялар Лигасының екінші раундында польшалық «Легияядан» ұтылды (4:5 - екі матчтың сомасы бойынша).