Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Димаш Құдайбергеннің әнін орындаған сарбаз Желі жұлдызына айналды

AstanaTV
07.08.2023ж. 14:41
3356
Димаш Құдайбергеннің әнін орындаған сарбаз Желі жұлдызына айналды

Сәкен Әлімханов әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" атты әнін шырқап, әлеуметтік желі жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Instagram мен Telegram-арналарда сарбаздың әнші Димашты танытқан күрделі композицияны орындайтын видеосы тарады.

Видеодағы жазбада орындаушы фонограммамен емес, тікелей эфирде ән айтып жатқаны жазылған.

"Оның TikTok-парақшасында бұған көз жеткізуге болатын басқа әндері бар", - делінген онда.