Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда 78 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылды

07.08.2023ж. 20:00
1899
Атырауда 78 мыңнан астам бала лагерьмен қамтылды

Атырау облысында биыл мектеп оқушыларының 60 пайызы жазғы лагерьмен қамтылды. 8-сынып оқушысы Сымбат Алпамысқызы Индер ауданы Елтай ауылындағы «Жас Өркен» лагеріне бесінші рет келіп отыр.

Сымбат АЛПАМЫСҚЫЗЫ, ОҚУШЫ:

Мен өзім бимен, суретпен айналысамын. Бізде осылай суретшілер келеді бізге. Біз сурет саламыз күн сайын. Өте ұнайды. Ойындар бар, әр күн сайын сайыстар болады. Дискотека болады. Маған Оралға, Ақтауға берді. Бірақ мен Елтайға барамын дедім.

Мұнда 6 кезеңде мыңнан астам бала 10 күннен демалады. Өнер мектебі теңгерімінде болғандықтан, мектеп мұғалімдері кезек-кезек келіп, сан түрлі үйірмелер өткізеді. Түрлі сайыстар мен би кештері, музейге саяхат, бассейн, балаларда бір минут бос уақыт жоқ. Сонысымен қызықты.

Шарбану САБЫРОВ, ИНДЕР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Сыртта көп бейінді спорт алаңын салу ойымызда бар. Оның сметалық құжаттарын жасақтап жатырмыз. Онымен қатар антитеатр бар, соның да жөндеу жұмыстарына, ауланы қоршау жұмыстарына облыстық білім басқармасына бізден бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ал Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы «Арай» лагері соңғы кезеңін «Мықтылар әлемі» тақырыбында өткізіп жатыр. Бұл жолы түрлі спорттық додаларда аудан намысын қорғап жүрген 120 бала демалуда.

Бақтыгүл ЖОЛДЫҒАЛИЕВА, «АРАЙ» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ АҒА ТӘЛІМГЕРІ:

5 мезгіл тамақтанады. Мен осында 3-ші жыл қызмет етіп жатырмын ғой. Кәдімгідей қуана қарсы алады. Лагерьдің спорттық бар, өнерлі, қолөнер ұйымы бар, музыка жағынан жа, баян, домбыра тартатыны бар.

Лагерлер жұмысына тәжірибелі мұғалімдер тартылған. Балалардың қауіпсіздігі бейнекамералармен бақыланады. Және балалар ас мәзіріне жергілікті табиғи таза өнімдер қосылған. Айта кетейік, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 564 млн теңге қаржы бөлінген.