Алматыда қоғамдық көлік тапшылығы "AMANAT" партиясы мүшелерінің көмегімен шешілді. Атап айтқанда, Саялы шағынауданының тұрғындары “бір ғана автобус жүреді” - деп біраз уақыт шағымданып, партияның көмегіне жүгінген. Қазір шағын ауданға 5 бағыт бойынша автобус қатынайды. 84 қоғамдық көлік бар. Сондай-а, бірлескен отырыста сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру аясында біршама көшелерде электр қуатының болмауы мәселесі шешілді. Ал Алмалы ауданында әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған ерте араласу орталығы ашылды.
Станислав КАНКУРОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Түскен мыңнан астам талап, тілектердің 425-і өзектендірілген, 73 мәселе оң шешімін тапты, жұмыс жалғасуда. Жол картасы аясында да бірқатар көрсеткіштер орындалды. Фракция мүшелері партия қабылдаған міндеттемелерді іске асыруға белсенділік танытып, уәделердің орындалуын қамтамасыз етуді жалғастырады.
Отырыс барысында басқа да мәселелер талқыланды. Алматыдағы "AMANAT" партиясының депутаттық корпусы жаңарды. Алмат Қодасбаев Мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты өз жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады. Оның орнына медициналық орталықтың директоры-Айгүл Шалбаеваның кандидатурасы мақұлданды.