Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Басымыз қатты": отандық тележүргізуші екінші сәбиіне есім таңдауға көмек сұрады

AstanaTV
08.08.2023ж. 11:22
1003
"Басымыз қатты": отандық тележүргізуші екінші сәбиіне есім таңдауға көмек сұрады

Отандық тележүргізуші Тимур Балымбетов жақында жұбайының екінші сәбиді өмірге әкелетінін мәлім етті. Тележүргізуші көпшіліктен жаңа туатын нәрестеге есім таңдауға көмек сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Басымыз қатты. Жақында екінші сәбиімізді қолға аламыз. Шынын айтсақ, бұл жолы есім таңдау өте қиын болды. Сондықтан сіздерден көмек керек. Исаға ұқсайтын есім болса, бөлісе отырыңыздар", - деп жазды Тимур Балымбетов Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары өзіне ұнайтын есімді пікірге жарыса жазған. Айта кетейік, Тимур Балымбетов пен жұбайының бір ұлы бар.