Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

AstanaTV
08.08.2023ж. 11:53
1140
Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт тамыздың 08-де сағат 02:25 «Көкшетау нан зауыты» ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды», - деді ведомстводан.