$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден озды

AstanaTV
08.08.2023ж. 12:32
1484
Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден озды

Әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден озды. Бұл қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол Айгүл Иманбаеваға көңіл айтқан.

"Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз", - деп жазды Ерлан Рысқалиев.

Желі қолданушылары да әншінің қайғысына ортақтасқан.

"Жаны жәннатта болсын, арты кеніш болсын", "Айгүлжан қаза қайырлы болсын, соңғы рет сенің концертіңде көріп едік, сенің әкеңнің алдында тебіреніп, көзіңе жас алғаның есімде, жүрегің бірнәрсені сезгендей….", "Қазаның арты қайырлы болсын. Иманы жолдас болсын", - дейді олар.