Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ерекше балаларды аяғына тұрғызған семейлік дәрігер желі қолданушыларын тәнті етті

AstanaTV
08.08.2023ж. 16:42
1574
Ерекше балаларды аяғына тұрғызған семейлік дәрігер желі қолданушыларын тәнті етті

Әлеуметтік желіде Данияр Болатов есімді жас дәрігердің сол боп туылған балаларды аяғына тұрғызған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Даниярдың бейнежазбаларынан өздігімен жүріп-тұра алмайтын ерекше балалардың қажырлы еңбек пен нәтижелі жұмыстың арқасында аяққа тұрып жатқанын көруге болады. Жас дәрігер “БЦП (ДЦП) – үкім емес” деген ұранды ұстанады және бұл сөзіне кішкентай жеткіншектердің көрсеткен нәтижесі дәлел.

Дәрігер балаларға жүруді, денесін көтеріп тұруды үйретеді. Көп ата-ана баласының алғашқы қадамдарының куәсі болды. Сондай-ақ ол ерекше балалардың ата-анасын үміт үзбеуге шақырады. Даниярдың ойынша, мүмкін емес нәрсе жоқ.

“Мен ерекше балалар үшін өте үлкен жауапкершілік алдым. Мені олардың жеңіске деген күші мен ерік жігері, еркін өмір сүруге деген талпынысы мен қайсар мінезі таңғалдырады. Жеңіс – маңдай тер, көз жас, қайғы-қасіретпен келеді”, – дейді Данияр Болатов.

Жас дәрігердің балаларға деген махаббаты мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі желі қолданушыларын тәнті етті.

“Балаларға бар махаббатын төгеді”, “Қолыңызға дерт бермесін”, “Көзіме жас келді. Міне, еңбек”, “Өз ісін жақсы көретіні көрініп тұр”, “Сіз балалардың ғана емес олардың ата-анасының да өмірін құтқардыңыз”, “Сізздей дәрігерлер көп болсын”, “Осы жолды таңдағаныңыз үшін көп рахмет”, – деп жарыса жазды желідегілер.