$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда 200 жаңа автобус қолданысқа беріледі

08.08.2023ж. 20:00
1445
Алматыда 200 жаңа автобус қолданысқа беріледі

Алматыда 200 жаңа автобус қолданысқа беріледі. Олардың 100 данасы мектеп автобустары болса, қалғаны қалалық маршрут үшін арналған. Мегаполисте оқушыларды тұрғылықты жерінен оқу орнына апарып, әкелетін жоба енгізілуде. Бұл көліктерде халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен барлық техникалық талаптар сақталған. Автобустар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде өз жұмысын бастайды. Мектептер маршрут, балаларды отырғызу уақыты және аялдамалар санын әзірлеп қойды.

Исахан ИМАНБЕКОВ, «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС ПАЙДАЛАНУ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде түрлі автобустар тұр. Біреуі Golden Dragon 18 метрлік, екіншісі 10 метрлік, үшіншісі мектеп оқушыларына қызмет көрсету. Соларды таңертең мектепке алып келу, түстен кейін мектептен алып барып тасу үшін сондай 100 автобус алынды.

Сонымен қатар қалалық парктің жылжымалы бірліктері де жаңартылды. Он метрлік автобустар «таза» қаланы дамыту тұжырымдамасы аясында дизельді автобустарды алмастырмақ.

Исахан ИМАНБЕКОВ, «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС ПАЙДАЛАНУ БАСШЫСЫ:

Бұл автобустар 18 метрлік, магистарльды дейміз ғой, адамдар өте көп шоғырланған, адамдар көп жүретн көшелерге қойылады. Мысал үшін, Әл-Фарабиде 38-ші маршрут жүреді. Рысқұлованың бойында 38а деген болады. Сол екі маршрутқа жиырма-жиырмадан қырық автобус кетеді. 37-ші маршрут деген бар, сол маршрутты жаңартамыз.

Айта кету керек, 2023 жылдың соңына дейін тағы 500 жаңа газ автобусы жеткізіледі деп күтілуде.