Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған

09.08.2023ж. 20:00
2417
Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған

Қызылордада тынығып жатқан балаларға берілетін ас-ауқат ескі әжетханада сақталған. Бұл кемшілікті прокурорлар Шиелі ауданындағы «Сыр ұланы» лагерін тексеру барысында анықтады. Кезінде әжетхана болған бөлме бүгінде шағын қоймаға айналған.

Ал Қазалы ауданындағы «Шағала» лагерінде балалар лас суға шомылып, санитарлық талаптарға сай келмейтін асханада тамақтанған. Сырдария ауданында орналасқан «Жалын» демалыс орынының тынығушылары да лас төсек-жабдықтарын пайдаланып келген.

Әділ ЕСҚАРАЕВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

 Жекелеген лагерлердің жағдайы нашар. Қазіргі уақытта уәкілетті органдардың қорытындылары күтілуде. Олардың қорытындыларымен тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қостанай облысындағы жазғы демалыс орындарында жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері анықталды. Лагерь аумағында жарақат алу қаупі жоғары жерлер бар. Ал шайындыларды зерттеу нәтижесі ішек таяқшасы тобының бактериялары болғанын көрсетіпті. Тіпті лагерьдің біріндегі әкімшілік бөлмесінен спирттік ішімдіктер табылған. Тіпті лагерь ғимаратында сауна болған.

Нұрсұлтан САТЫБАЛДИН, ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕНІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша 6-7 тамыз күні саунаны бұзу жұмыстары басталған. Балалар тамақтанатын орын мен сауна бір ғимаратта орналасқан. Тексеріс барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокуратура тиісті шара қолданады.