Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды

09.08.2023ж. 20:00
1150
Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды

Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды. Әнші оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, видео жазбаны #Abaychallange хештегімен әлеуметтік желіге жүктеуді сұрап, жазба қалдырды. Өзі Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды.

Челленджге қатысушылардың саны күн өткен сайын көбеюде. Кішкентай бүлдіршіннен бастап, еңкейген қарияға дейін бастамаға қолдау білдіруде. Тіпті өнер иесінің алыс-жақын шетелдегі тыңдармандары да Хәкім Абайдың шығармаларын жатқа оқуда.