Мына қазандық 48-і мектеп деп аталады 1964 жылы салынып, іске қосылған. Содан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы маусымаралық жөндеу науқанында мектептің ғимаратының жөндеу, үлкейуіне байланысты қазандықтың қуатын үлкейтуге тура келді. Ғимараттың бәрін жылумен жабдықтау үшін котельныйдың қуаттылығын 0,63 тен 0,9 Гкал-ға дейін көтердік. Жылыту маусымына қазіргі күнде қазандықтықтардың 70% дайын деп айтсақ болады.
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшуді қамтамасыз ету мақсатында «Алматыжылужайэнерго-ға» қосымша қаражат бөлініп, инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
2023 жылға өзгерістерді ескере отырып барлығы 1,89 миллиард теңге бекітілді, оның ішінде қосымша іс-шаралар сомасы 1,6 миллиард теңге, соның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 1,15 миллиард теңге бөлінген. Бұл шаралар 2023 жылдың аяғына дейін тозуын 1,2% төмендетуге бағытталған.