Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Маңғыстау облысында «Qazaqsha викторина» байқауының финалы өтті

10.08.2023ж. 20:00
1438
Маңғыстау облысында «Qazaqsha викторина» байқауының финалы өтті

Маңғыстау облысының жастары ең білімді деген атаққа таласты. Өңірде «Qazaqsha викторина» байқауының финалы өтті. Онда 14 пен 35 жас аралығындағы әр түрлі қызмет саласындағы жүз қатысушы жиналды. Байқау бірнеше ай бойы облыстың барлық аудандары мен ауылдық елдімекендерінде өтті.

Бибігүл РАМАЗАНОВА, «РИЗА АНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сұрақтар Астана қаласында дайындалды. Яғни өзіміз арнайы тапсырыс бердік. Арасында логикалық сұрақтар бар. Жалпы Маңғыстау өңіріне қатысты қылдық. Тарихы, жер атаулары, тұлғалар турады. Сондай-ақ, әртүрлі жанр қамтылды.

 «Qazaqsha викторина» жастар саясаты бөлімінің пилоттық жобасы. Мамандардың сөзінше, қатысушылар жақсы нәтиже көсетті. Ең бастысы, сайысқа деген ынталары жоғары дейді.

 Мұқаш ОРАЛБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Басқарманың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан Риза ана қоғамдық қоры жүзеге асырып жатыр. Негізгі мақсат жастардың зияткер ортасын қалыптастыру. Осы уақытқа дейін аудандық және қалалық денгейде зияткерлік ойындарының іріктеу кезеңі өтті. Яғни бүгінгі күні біз қазақша куюз зияткерлік сайысының ақтық мсәресіне яғни финалдық сайысына келіп отырмыз. Мұнда санаттар әртүрлі

Алмаз ДОЧАЕВ, ҚАТЫСУШЫ:

Менің командам әр саланың мамандары бар. Біщдер ұстаздар командасы болғандықтан ұстаздар жинадық командаға. Ұстаздар тарих саласынан бар, география саласынан бар және қазақ әдебиеті бар. Басқа тілдер бар. Өзім әртүрлі саладан болған сон үздік зворный шығардық деуге келеді.

Сайыста ең білімді, тапқыр, тез ойлана алатындар жеңіске жетті. Бірінші орын Бейнеу ауданы әкімдігінің командасына бұйырды. Ал, екінші орынды «ӨзенМұнайГаз» қатысушылары иеленді. Үздік үштікті Ақтау қаласының «Ақсақал» командасы қанжығалады.