$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әли Оқапов баласының атын неге анасы емес, өзі қойғанын айтты

AstanaTV
10.08.2023ж. 14:09
1674
Әли Оқапов баласының атын неге анасы емес, өзі қойғанын айтты

Әнші Әли Оқапов "Түнгі студия" бағдарламасына берген сұхбатында қандай әке екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Әрине, мен сол жұмыстардың бәріне қатысамын. Түннің ішінде де тұрамын, Pampers-ін де ауыстырамын, тамағын дайындап беремін, кішкене бұзып жіберсе, оның барлығын жуамын. Соның барлығымен айналысамын", - деді Әли Оқапов.

Ол сонымен бірге баласының есімін өзі қойғанын айтты. 

"17 ақпан күні ата-ана атандық. Сәбиіміз Алматыда дүниеге келді. Зейін деп атын қойдық. Атын мен өзім қойдым. Қазір біздің үйіміздің шынымен де үлкен-үлкен қуанышы боп жүр, Мәдидің досы, байланыстары ерекше. Анамнан нұсқалар бар ма деп сұрадым, анам "Сен өзің қалай шешесің, сөйтіп қоямыз", өйткені сенің таңдауыңа сенімдіміз" деп, батасын берді. Бірақ екі-үш нұсқаны ұсынғанда, ол өз қалауын айтты. "Зейін" оған шынымен де басқаларына қарағанда ұнады", - деді ол.