Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен

AstanaTV
11.08.2023ж. 10:42
991
Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен. Бұл ақпаратты заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиғаға қатысты перзентхана өкілдері пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұл әйелдің үшінші жүктілігі болған.

"Үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз болған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды (үшіншісінде - еск.). Үш баласын да жоғалту оңай емес қой. Босанудан кейінгі күйзеліске түсті ме? Қасында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-да анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген", - деді перзентхана өкілі.