Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Рудныйдағы студенттердің жаппай улануына қатысты кінәлілер сотталды

AstanaTV
11.08.2023ж. 15:17
860
Рудныйдағы студенттердің жаппай улануына қатысты кінәлілер сотталды

Сот Рудный тау-кен технологиялық колледжінің асханасында студенттердің жаппай улану дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Студенттердің улану дерегі бойынша прокуратураның қадағалауымен тексеру жүргізілді. Тергеу барысында колледжде асхананы жалға алған "S-Salta" ЖШС басшысы өз міндеттемелерін елемей, санитарлық талаптарды бұзып, жаппай улануға себеп болған. Сондай-ақ полицейлер әйелдің медициналық тексеруден өту туралы жалған құжаттарды, медициналық кітапшаларды пайдаланғанын анықтады. Рудный прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді.

7 тамызда сот үкімімен әйел жалған құжат пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынуымен қатар екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Тау-кен технологиялық колледжі студенттерінің жаппай улануы өткен жылдың 20 сәуірінде болған еді. 70-ке жуық адам денсаулығының нашарлағанын хабарлады. Олардың 35-і медициналық көмекке жүгінсе, 14-і ауруханаға жатқызылды.