Түркиялық "Бешикташ" мәскеулік ЦСКА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Sports Digitale-дың хабарына қарағанда, қазіргі таңда мәскеулік және түркиялық клуб арасындағы келіссөз жалғасып жатыр. Ресейлік клуб қазақстандықтың трансфері үшін сұраған бастапқы сомасын 4 миллион еуроға дейін түсірді.
Еске салайық, "Бешикташ" Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға 3 миллион және тағы сонша бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден 6 миллион сұрап отыр.
25 жастағы Зайнутдиновтың ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы "Ростовтан" 2 миллионға өткен. Transfermarkt порталы Бахтиерді 6 миллионға бағалап отыр.