Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барахолка аумағында шыққан ірі өрттің сөндірілгенін хабарлады.
«Алматыдағы қоймаларда шыққан ірі өрт 12:22-де жойылды, зардап шеккендер жоқ, өртсөндірушілер өрттің көршілес ғимараттарға таралуының алдын алды», деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, өртті жоюға барлығы 120 адам мен ТЖД-ның 33 техникасы, сондай-ақ суды жеткізу үшін коммуналдық қызметтің 7 су тасымалдайтын көлігі мен Алматы қаласының Құтқару жұмыстары қызметі жұмылдырылған.