Әлеуметтік желіде тойда торттың орнына қымыз ұсынғандардың видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Үйлену тойларда торт орнына қымыз ұсыну сәнге айналып жатыр", - делінген видеода.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ерекше дәстүрге түрлі пікір жазған. Бір тобы ата-бабамызда торт кесу де, қымыз беру де болмағанын айтса, енді бір тобы торттың орнына ақ тарату дұрыс екенін жазған.
"Қымыз беру, торт беру деген дәстүр бұрынғы ата-бабамызда болмаған. Сондықтан тоқтату керек деп ойлаймын", "Атың шықпаса жер өрте деген әңгіме болып тұр ғой. Қазақ халқының салт дәстүрін насихаттағысы келсе басқа тәсіл табу керек еді. Мынау енді көзге ерсі көрінеді екен!", "Керемет көрініс,осы қалпыдан таймайық", "Торт алып шығып оның шырағын өшіру дұрыс емес, жанып тұрған шамдарды өшіріп тастау деген зат қой негізі", "Өте дұрыс. Торт орыстың асы. Ал қымыз пен шұбат, ақ ұсыну ортадан келе жатқан дәстүріміз керемет екен!!!" - дейді олар.