Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

2023 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды

AstanaTV
14.08.2023ж. 10:11
1358
2023 жылы сәбилерге жиі қойылған есімдер белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2023 жылғы маусымда ұл балаларға Әлихан, ал қыздарға Медина есімі көп таңдалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл ұл балалар арасында Әлихан, Алдияр, Әмір есімдері жиі қойылған. Үздік бестікке сондай-ақ Омар, Алан есімдері де ілінген.

Алихан - (298);

Алдияр - (262);

Амир - (240);

Омар - (233);

Алан - (227);

Айсұлтан - (208);

Мухаммад - (188);

Нұрислам - (182);

Хамза - (180);

Али - (171).

Қыздар арасында Медина, Айлин, Айша есімдері танымал.

Медина - (551);

Айлин - (482);

Айша - (452);

Асылым - (440);

Томирис - (305);

Сафия - (284);

Раяна - (283);

Айым - (266);

Амина - (257);

Аяла - (246).