Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

AstanaTV
14.08.2023ж. 12:34
699
Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді “UZI” моделінің пулеметі тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы “Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.