Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістанда 74 жастағы әжей лифт шахтасына құлап, мерт болды

AstanaTV
14.08.2023ж. 13:29
1334
Түркістанда 74 жастағы әжей лифт шахтасына құлап, мерт болды

Түркістанда 74 жастағы кейуана лифтінің шахтасына құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы әйел төменге құлап кеткен.

«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», - деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.