Түркістан облысында жоғалған ер адамды өз әйелі өлтірген болуы мүмкін. Полиция күдікті ретінде оның жұбайын қамауға алды. Сарыағаш ауданының полициясына 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғынның бірі хабарлаған. Туысының мәліметінше, ер адам екі тәуліктен бері хабар-ошарсыз кеткен. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер жаудың алыстан келмегеніне көз жеткізді. Сезікті марқұмның - әйелі. Адам өлтіруге отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін дейді полицейлер.
Асылжан ҚАЛДАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аталған дерек бойынша күдікті азаматшаның іс-әрекеті ҚР ҚК 99 бабының 2-ші бөлігімен сараланып, айғақ заттар тәркіленді. Күдікті азаматша уақытша ұстау абақтысына қамалды