Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

AstanaTV
14.08.2023ж. 16:37
758
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

"Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.