Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астана қаласы Байқоңыр ауданында 7 жаңа қоғамдық орын ашылды

16.08.2023ж. 20:00
808
Астана қаласы Байқоңыр ауданында 7 жаңа қоғамдық орын ашылды

Елорданың Байқоңыр ауданында 7 жаңа қоғамдық орын пайда болды. Олардың қатары әлі де көбейе бермек. Мәжілісмендерге Астананың бір кездері қараусыз қалған ауданын абаттандыру барысы көрсетілді. "AMANAT" фракциясының депутаттары қоғамдық орындар мен аулаларды дамыту партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасында бар екенін атап өтті. Олардың қатарында Журналистер аллеясы да бар. Бұған дейін бұл жерде ескі жылу трассасы болған. Ал қазір тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналды.

Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осындай саябақтар, осындай қоғамдық кеңістіктер жаңа болсын, ескі райондар болсын көңіл бөлгендерге ол өте халыққа да, қоғамға да маңызды.

"AMANAT" фракциясының мүшелері еліміздің түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын қадағалайды. Байқоңыр аудандағы 239 ауланың 180-інде жұмыстар аяқталды. Қалғандарын келесі жылы қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Досхан ТҰЯҚПАЕВ - БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда 14-15-і жұмыстар аяқталды. Қалған 5 жобаны осы қыркүйек айының аяғында толықтай бітіреміз. Осы аулаға былай санағанда 100 миллиондай қаражат кетті.