Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Аграрлық секторды дамытуға арналған комиссия отырысы

AstanaTV
28.10.2016ж. 20:00
2727
Аграрлық секторды дамытуға арналған комиссия отырысы

Агроөнеркәсіп саласына тың серпін қажет. Кей өңірлерде әлі күнге дейін кеңес заманынан келе жатқан технологиялар бар. Олар бүгінгі талапқа сай келмейді, ал салада ғылыми жаңалықтар жоқтың қасы. Осы проблемаларға алаңдаған «Нұр Отан» партиясы жанындағы көшпелі комиссия Ақмола облысы Шортанды кентіне барды. Мұнда Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бар. Кезінде бүкілодақтық зерттеу институты болған мекеме. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысқан комисия өкілдері жалпы агроөнеркәсіп саласындағы басты қиындықтарға тоқталды.

Асқар Наметов, Ұлттық аграрлық ғылыми орталығының төрағасы:

Трансферт арқылы шет елден дайын затты алып келіп, бірақ технологиясын өзімізге өзгерте тұра, арнайы климатқа сәйкестендіру нағыз ғылымның жұмысы болып табылады. Көп нәрсе әлі дұрыс енгізілмеген себебі -   шет елден әкеле салып, тікелей аударуға болмайды. Себебі онда заң басқа, мемлекеттік көмек басқа.

Бұл салада, өзімізге ғылыми жаңалықтар ашу қажеттілігі туындайды. Оның бір ұшы әдеттегідей қаржыға кеп тірелетіні белгілі. Осы мақсатта өткен жылы 2379 жобаға 33 944 млн теңге құйылған. Ал биыл жоба көлемі 1782 ге азайып, қаржыландыру 30 587 млн теңгені құрады. Аграрлық саладағы ғылыми жаңалықтарды табыс көзіне айналдыру үшін, агроөнеркәсіп саласын бизнеспен біріктіру қажет, - дейді мамандар. Бұл сала ел экономикасына  елеулі үлес қосуға қауқарлы.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

«Нұр Отан» партиясының 2021 жылға дейінгі сайлау алды бағдарламасы бар. Онда аграрлық салаға ерекше  көңіл бөлінген. Базалық бағыттардың даму стратегиясында, аграрлық сала Қазақстанның экономикалық тұрғыда қарыштап қадам басуына басты ықпал ететін драйвердің бірі болу керек екені айтылған. Сондықтан бұл салаға артылар үміт көп.