$487.37 €532.94 ₽5.09
×

"Қатты шулаған": Астанада үй тұрғындары мен жасөспірімдер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

AstanaTV
16.08.2023ж. 21:47
1144
"Қатты шулаған": Астанада үй тұрғындары мен жасөспірімдер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Желіде Астанадағы топтық төбелестің видеосы пайда болды. Төбелеске қатысушылар болған жағдай туралы екі түрлі нұсқасын айтты. Оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Qumash Telegram арнасында Астанада түнде бір топ адамның төбелескен видеосы жарияланды. Видеода бірнеше ер адам жерде жатқан жас жігітті соққыға жыққан. Видеоның сипаттамасында төбелестің туындаған себебі туралы екі жақ тараптың нұсқасы айтылған.

"Жастар нұсқасы: үлкендер өздері жанжал шығарып, кейін топ болып жиналып, оларды соққыға жыққан. Ересек адамдардың нұсқасы: бұл жасөспірімдер (немесе жасөспірімдер емес) өз аулаларында үнемі кешке қарай жиналыс жасайтын. Олар айқай-шу шығаратын (бейәдепті қылық пен айқай да болатын), сол үшін олар қатаң жазаға тартылды", – делінген сипаттамада.

Оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Биылғы жылдың 15 тамызында 102 арнасына аулада төбелес болып жатыр деген ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері үй тұрғындарының аулада қатты шулаған жасөспірімдерге ескерту жасағанын, алайда әңгіме жанжалға ұласқанын анықтады. Төбелеске қатысушылардың бәрі полицияға жеткізілді. Бұл оқиға әкімшілік өндіріс аясында тексерілуде, оның қорытындысы бойынша кінәлілерге шара қолданылады", – деп хабарлады елордалық полиция департаментінде.