Сәрсенбі күні Гринвич бойынша сағат 12:47-де Вануатудағы Сола қаласынан батысқа қарай 42 шақырым жерде магнитудасы 6,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің ошағы оңтүстік ендіктің 13,88 градусы және шығыс бойлығының 167,16 градусы координаттары бар нүктеде болды.
Гипоцентр 193 км тереңдікте орналасқан.