$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Австрияда сальмонелла ошағы тіркелді

AstanaTV
17.08.2023ж. 12:00
912
Австрияда сальмонелла ошағы тіркелді

Австрияның денсаулық және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі Тирольдан басқа елдің барлық федералдық штаттарында сальмонелла ошағы байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған ақпаратқа сай, қазір ондаған жағдай белгілі. Аурудың шығуы Польшадан келген тауық кәуабын тұтынуға байланысты деп болжанып отыр.

"Қазір Австрияда тағам инфекцияларының ошақтары бар, олар Польшадан келген сальмонелламен ластанған тауық етіне байланысты болуы мүмкін. Оны кәуап жасау үшін пайдаланған. Тирольден басқа барлық федералдық штаттарда барлығы 27 адам ауырды", - делінген хабарламада.

Анықталғандай, 2023 жылдың ақпан айынан бастап Австрияда 10 бен 64 жас аралығындағы 14 адам Salmonella Enteritidis ST11 CT9791 спецификалық сальмонелла штаммымен ауырған. Елде мұндай аурудың кейінгі жағдайы 2023 жылдың мамырында тіркелген.

Бұған дейін Түркістан тұрғындары моншаның кесірінен жұқпалы аурулардың өршуінен қорқатыны хабарланған еді.