Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақтөбеде бүгін қар борап, коммуналдық қызметті әбігерге салды

AstanaTV
28.10.2016ж. 20:00
2957
Ақтөбеде бүгін қар борап, коммуналдық қызметті әбігерге салды

Ақтөбеде бүгін қар борап, коммуналдық қызметті әбігерге салды. Қала көшелеріне жетпіске жуық арнайы техника мен 300-дей жұмысшы шықты. Тіпті орталық көшелердің асфальт жамылғысын жаңартып жатқан компанияның техникалары толассыз жауған қардың астында қаңтарылып қалды. Таң атқалы көшелер қардан тазартылып жатыр. Жаяу жүргіншілер жолына да тұз аралас құм себілуде. Ал көлік дөңгелектерін ауыстыру бекеттері алдында ұзын-сонар кезек. Темір тұлпарын көктайғаққа қамдап жатқан жүргізушілер сағаттап күтуге мәжбүр. Синопиктер, алдағы күндері қар жауады,деп болжады.

Гүлсая Закария, инженер-синопик:

Отызы күні бізде қардың жаууы бәсеңдегенімен, отыз бірі күні қар қарқынды болады және одан әрі қарқындылығы дәл сол қалпында жалғаса береді. Қыс басталды.

Жомарт Бақыткелді, Ақтөбе қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі:

Қардың көп болуына байланысты арнайы техника қосымша қосылуда. Мердігер мекемелер жаяу жүргінші жолдарын, тротуралар және жаяу өткінші жолдарын, аялдама айналасын тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Ал қазанның соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялаған синоптиктер, Қазақстанда күн аздап жылынады, деп хабарлады. Солтүстік ауа ағымы оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Сол себепті жақын тәуліктерде республика бойынша ауа температурасы жоғарылайды деп күтіліп отыр. Атмосфералық фронттардың өтуімен  теріскей аймақтарда жауын-шашын болады, ал оңтүстікте кей жерлерге жаңбыр жаууы ықтимал, - дейді мамандар.