$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек деген міндет қойдық", - А.Оралов

17.08.2023ж. 20:00
821
"Жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек деген міндет қойдық", - А.Оралов

Жыл сайын кем дегенде 15 кинопремьераға қазақ тілінде дубляж жасалуы керек. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов осындай міндет қойды. {ЗКТ} Бұл мәселе мәдениет саласын дамытудың 7 жылдық тұжырымдамасына енгізілген. Ал қазақша дубляжбен шығатын картиналар сеансы көрермендерге ынғайлы уақытта қойылуы тиіс. Ол үшін жеке кәсіпкерлермен, кинотеатрлардың иелерімен жұмыс жүргізілмек.

Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Наурыз айының басында мен қазақ тілінде дубляж жасау үшін фильмдерді іріктеу ережесін бекіттім. Сондықтан ешқандай түсініспеушілік болмау керек. Қазақ тіліндегі фильмдердің қолжетімді болуы өте маңызды. Кассадағы мемлекеттік тілдегі филімдердің пайызы, соның ішінде дубляжданған шетелдік картиналар еселеп өсуі тиіс. Алдағы бірнеше жылда 30 пайыз көрсеткішке қол жеткізуіміз керек.