Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды

AstanaTV
17.08.2023ж. 17:00
1163
Елімізде күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды

Қазақстанда күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Түркістан қаласында өтіп жатқан басқосуда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы уақытта қоғамның назарын аударып, ата-аналар қауымын толғандырған өзекті мәселенің бірі балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі болып отыр. Сондықтан кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық жайы күн тәртібінде тұр. Түркістан қаласында өткен «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысушылар пікірін айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Қазақстанда күн сайын 6 балаға қатысты қылмыс жасалатынын жеткізді.

«1-2 бала күн сайын өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады. Күн сайын 342 адам тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырайды. Балалар арасында 1 күнде 5 қылмыс жасалады. Буллинг мәселесі де өзекті. Жылына 150 бала терезеден құлайды немесе люктерге құлап кетіп жатыр», -деді ол.

Сондай-ақ Динара Закиева бала тәрбиесімен айналысатын кадрлардың да тапшы екенін жеткізді.

«Кадрларға, мамандарға қатысты үлкен мәселе бар. Мысалы, қазір 3 000 мектепте әлеуметтік педагог жоқ, бір мектепте 1 психологқа 1 500 баладан келеді. Елімізде 6,5 млн балаға 300 опека мамандары жұмыс істеп жатыр, ИДН қызметкерлерінің саны да жетіспейді», - деді ол.

Айта кетейік, Түркістан қаласында «Қазақстандағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.