$487.37 €532.94 ₽5.09
×

"Әлі де көтеріледі". Риелтор үй бағасына қатысты болжам жасады

AstanaTV
17.08.2023ж. 21:06
1411
"Әлі де көтеріледі". Риелтор үй бағасына қатысты болжам жасады

Риелторлар Алматыда алдағы жылдары баға қалай өзгеруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко қазір баға төмендегенін айтады.

"Қазір жылжымайтын мүлік нарығының 80 пайызы ипотекалық несие арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан барлығына "Отбасы банкіндегі" жинақтау жүйесіне назар аударуды кеңес беремін. Пәтерлер қымбат десек те оларды сатып алу мүмкін, әсіресе, нарық құлдырап бара жатқан кезде. Әрине, бұл ешкімге құпия емес, жақын арада тоқырау күтіп тұрғанын болжап айтқанмын. Баға төмендегенін көріп отырмыз", - деді Нина Лукьяненко.

Сарапшы қаражаты бар және пәтер сатып алғысы келетіндерге дәл қазір нарықты бақылап отыруды ұсынады. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарға қатысты ұсыныстар жасады.

"Қазір құрылыс салушылар келісімшарттардың бәрі дұрыс екенін айтады. Бірақ олай емес. Баға нақты төмендегенін байқаған кезде жарнамалық ұсыныстардың саны мен көлемін байқаймыз. Бірнеше құрлыс салушы шілденің басында акциялар жариялап, түнгі жеңілдіктер жасады. Мұны баға төмендегені демесек, енді қалай атаймыз?" - дейді риэлтор.

Оның сөзінше, құрылыс салушылар банктермен бірлесе отырып, бастапқы жарнаны 10 пайыз етіп, жеке бағдарламалар жасап жатыр. Көптеген құрылыс компаниясы бөліп төлеуді де ұсынады. Егер бұрын бөліп төлеу құрылыс аяқталғанға дейін ұсынылса, қазір 40 айға дейін беріледі екен.

"Қазір тұрғын үй нарығында сұраныстың көптігінен баға кері кеткені байқалады. Тұрғын үй нарығын не күтетінін ұзақ мерзімді перспективамен қарайтын болсақ, табиғи өсім, көші-қон өсімі, инфляция өсіп жатыр. Сондықтан, менің болжамым бойынша, алдағы 3-5 жылда пәтерлердің бағасы әлі де көтеріледі", - деп қорытындылады ол.