$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

AstanaTV
18.08.2023ж. 09:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады.