$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Елімізде донорға зәру науқастардың 70 проценті кезегі жетпей, көз жұмады

18.08.2023ж. 20:00
1083
Елімізде донорға зәру науқастардың 70 проценті кезегі жетпей, көз жұмады

Елімізде ағза трансплантациясын күткен науқастардың 70 проценті кезегі жетпей өмірден өтеді. Себебі, донор тапшы. Жыл сайын күту парағында тұрған 4 мың адамның бар болғаны 100-ге жуығына операция жасалады. Сонда қалған жан қайтпек? Мәселені шешудің жолы бар ма? Әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.
Елімізде бір ғана бүйрекке зәру 3 мыңнан астам науқас бар. Оның барлығы уақытша ем алып жүр. Ал күту пара¬ғына енгізілмегендерді қоссаңыз, он¬да бүйрек ауыстыруға мұқтаждар саны 8 мыңға жуық¬тайды.

Хусниддин НИШАНҚҰЛОВ, РЕЦИПИЕНТ:
Осы аурумен ауырғаныма 1 жылдан аса уақыт болды. 2022 жылы бұл ауру барын өзім де сезініп, өзіміздің Шымкентте нелерді дауалап жүрдім, больницаларды.
Хусниддиннің дертіне жары дауа болды. Дәрігерлер анализдер мен түрлі тексерулерден кейін ерлі-зайыптылардың ағзасы барлық критерийлер бойынша бір-біріне сәйкес келетіндігін анықтаған.

Зилола НИШАНҚҰЛОВА, ДОНОР:
Мен былтырдан әрекет жасадым, барлық анализдерін тапсырып, жақсы шықты. Сол өзім берсем, келешекте балаларымыз әлі жас... жақсы болып емделіп кетсе, балалардың қызығын екеуіміз бірге көрсек. Бір өзім қалып, қалуды мен өзім ойыма жеткізе алмаймын.
Бөгденің бүйрегін ағза қабыл¬дамай қоюы да мүмкін. Сол үшін науқасқа алдымен иммуно¬суп¬ре¬сивті дәрі-дәрмектер беріледі. Бөтен органды танып қоймас үшін, адамның иммунды жүйесін дәрі-дәрмекпен әлсіретеді. Ал операциядан кейін олар толық дені сау адам болып оянады. Жансәулеге туған ағасы донор болған, қазір екеуінің де жағдайы жақсы.

Жансәуле АМАНБАЕВА, РЕЦИПИЕНТ:
Отаға дейінгі жағдайым өте қалым нашар болды. Высокое давление повышенный болды постоянно, головная боль, отек, постоянно рвота, тошнота, көп жүре алмайсыз. Бір кісінің көмегімен жүресіз постоянно. Отадан кейін, тьфу-тьфу, Аллаға шүкір, бәрі жақсы.
Көп елде ағзаны алып-сатуға жол бермеу үшін туыстық және мәйіттік операцияларға ғана рұқсат етілген. Оның өзінде арнайы комиссия тексеріп барып, шешім шығарады. Бізде де солай. Алайда, мәйіттік трансплантацияға менталитет жол бермей келеді. Был¬тыр елімізде 162 операция туыстас донордан жасалса, жетеуі ғана мәйіттік.

Мэлс АСЫҚБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АҒЗА ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Көбісі ойлайды, мысалы, қан тобы сәйкес келсе болды донор бола береді деп. Жоқ, ол жағынан тереңдетілген тексерістер өтіледі. Тек қана қан тобын қарамай, ол жердегі донор мен реципиенттің HLA гистосовместимость деген тіндік сәйкестігін тексереміз. Ол ең басты анализдердің бірі болып табылады. Өйткені ол бағанағы салған органның өміршеңдігін, яғни, өміршеңдігі HLA гистосовместимостке байланысты.
Ел медицинасының әлеуеті бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі, көздің мөлдір қабаты, сүйек кемігінің трансплантациясын жасауға қауқарлы. Операцияға дейінгі және кейінгі жәрдемнің барлығы тегін көрсетіледі.