Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Біреудің жетістігіне қуана алмайтындар дуа жасатады", - теолог

18.08.2023ж. 20:00
2023
"Біреудің жетістігіне қуана алмайтындар дуа жасатады", - теолог

"Дуадан денсаулығымнан айырылдым, отбасым ойран болды". Желіде жалпыға осылай жар салып жүргендер бүгінде аз емес. Бұл пейілдің тарылып, жүректің қарайғанынан ба? Сиқыр төңірегінде неге дау көбейіп кетті? Оны қандай адамдар істейді? Тілшіміз Бекболат Сатуов зерттеп көрді.
Соңғы кездері әлеуметтік желіні аша қалсаң осы тектес видеолардан көз сүрінеді.
Содан болу керек қазір сиқыр, дуа дегенді естігенде еріксіз бойыңды үрей билейді. Мәселен, қазақтың робин гуды деп танылған блогер Ілияс есімді азаматтың соңғы жағдайы жұртты алаңдатып отыр. Жетімнің басын сипап, үйсізге үй алуға көмек беріп жүрген бұл жігіттің қазіргі халі мүшкіл. Айтуынша, оған біреулер сиқыр жасаған.

Ілияс , БЛОГЕР:
10 күннен бері ішек-құрылысым, ая қ-қолым дірілдеп, ішімнің бәрі ауырып, жан дүнием ауырып жатыр. Осы сиқырды саларда Алладан қорықпадың ба?
Дін зерттеушілер сиқыр, дуаның барын жасырмайды. Тек одан сақтана білу керек дейді.

Бекжан ӘЖІМОВ, ТЕОЛОГ:
Сиқырды жасататын адам оның жүрегінде көреалмаушылық, біреуге болмасын, біреудің жетістігіне қуана алмайтын, тұла бойында жек көрушілік толы адам жасатады және сиқырды көпшілік жағдайда өзінің өте жақын ағайын-туысқандары, бірге дос болып жүрген достары, тіпті әріптестері жасайды екен.

Бекболат САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:
Қазір қоғамда дуа, сиқыр туралы мәселелер көптеп ашық айтылып жүр. Содан болу керек бір-бірінен зат алудан қалған. Тіпті кәмпит алудың қазір бір-бірінен дуаны солай таратады деген күдікпен қарайтын сияқты. Қазір біз жұртқа кәмпиттерді таратып көретін боламыз. Реакциясын көрейік.
Осылайша бізге бірі күліп қараса, енді бірі күдікпен қарады. Халықтың да пікірін білдік.

БЛИЦ-ОПРОС:
- Қазір енді ашып қалсаңыз бәрін айтады. Көбінесе неше түрлі адамдар, имамдардың өзі айтып жатырғой қазір.
- Барғой енді сиқыр бар. Жасайтын адамдар бар.
- Негезі сақтану керек
Психолог Камила Асыпқызы болса, бұл мәселеде абайлаған жөн дейді. Депрессияда жүрген жандарға кез келген адам сізде дуа бар, сиқыр бар десе оған сеніп қалуы әбден мүмкін екен.

Камила АСЫПҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:
Аңқау елге арамза молда болып жатыр. Ерік жігері төмен болатын болса, шын мәнінде осындай екенмін деген ода іштей өзін-өзі қабылдау болады. Егер қабылдаған адам шын мәнісінде маған көз тиген, ауырғанмын менде осындай нәрсе бар деп ойлай беретін болса, міндетті түрде сол өзінің санасына уланып, сол міндетті түрде жүзеге асатын болады.
Бойыңызда бір өзгеріс байқалса немесе сәтсіздікке ұшырасаңыз асықпаңыз. Бәрін салмақтап алған жөн.