$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Жатақханаларда заңсыздықтар болмас үшін сенім телефоны іске қосылмақ

18.08.2023ж. 20:00
1000
Жатақханаларда заңсыздықтар болмас үшін сенім телефоны іске қосылмақ

Елімізде жыл сайын күзде жатақхана жыры басталады. Себебі, бұл мәселеге қатысты заңсыздық көп. "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпіспаев осылай дейді. Биыл олар 142 жатақханаға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 7 ғимараттың апатты екенін анықтады. Және орын жетіспеушілігіне жатақхана қызметкерлерінің де қатысы бар. Осындай түрлі түйткілді шешу үшін партиялықтар сенім телефонын іске қосуға ниетті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Сенім телефондары Telegram және WhatsApp желілері арқылы жұмыс істейді. Біз студенттер жолдаған әрбір хатқа жауап қайтарамыз. Егер жатақханаларда қандай да бір мәселе туындаса, мысалы, заңсыз орналастыру фактісі болса, біз бұл мәселені ректорат деңгейінде көтереміз. Егер мәселе онда да шешілмесе, жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте қараймыз.