Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"По синим волнам" телесериалының түсірілімі аяқталды

18.08.2023ж. 20:30
1186
"По синим волнам" телесериалының түсірілімі аяқталды

Бірнеше ай бұрын басталған "По синим волнам" телесериялының түсірілімі аяқталды. 15 бөлімнен тұратын фильмде отандық теңіз флотының әскери қызметшілері жайлы баяндалады. Кинорежиссерлар бұл туынды арқылы жастардың әскери теңіз күштеріне деген қызығушылығы артатынына сенімді. Фильм Алматы мен Ақтау қаласында түсірілді. Туындыда теңіз академиясына оқуға түскен жастардың өмірі суреттеледі. Адмирал рөлін сомдаға Алексей Шеместің айтуынша, актерлер қиындықтарға қарамастан өз міндеттерін жоғары деңгейде орындаған. Айта кетейік, шытырманға толы телесериялды қазан айында "Астана" арнасынан көре аласыздар.

Алексей ШЕМЕС, АКТЕР:

 Төбелесетін көріністерде біз шын күш сынаспаймыз. Бірақ, саған соққы бағытталады. Түсінесіз бе? Соққы тимейді деген сөз жоқ. Түсірілім кезінде жылжып кетуің мүмкін, бұрылып қалуың мүмкін. Сол кезде соққы тиеді. Жігіттер теңізге секірген кезде сақтандыру құралдары барын білесің, бірақ, ол дұрыс жұмыс жасай ма, жасамай ма, ішіңде күмән болады.