Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мамандар адамға салған шошқа бүйрегі алғаш рет ағзаға еніп, қалыпты жұмыс істеді

AstanaTV
20.08.2023ж. 07:23
684
Мамандар адамға салған шошқа бүйрегі алғаш рет ағзаға еніп, қалыпты жұмыс істеді

Алабама университетінің ғалымдары адамға генетикалық түрлендірілген шошқаның екі бүйрегін салды. Мүшені ауыстыру отасы сәтті өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар бұл отаны бұрын миы өлген адамға отбасының рұқсатымен жасаған.

Медицина тарихында алғаш рет донорлық органдарды организм қабылдап, тіпті қалыпты жұмыс істей бастаған. Яғни зәр шығару, жаңа иесінің денесін улы қалдықтардан тазарту жұмыстарын мүдірмей орандады.

Бірегей операцияның толық сипаттамасын ғылыми қауымдастық жоғары бағалады. Әзірге бұл тек бастапқы нәтиже болғанымен, созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын және трансплантацияны қажет ететін ондаған мың пациенттерге үміт бермек.

Дүние жүзінде донорлық органдарға сұраныс артып тұр. Статистикаға сәйкес, АҚШ-та трансплантацияны күткен әрбір бес науқастың екеуі диагноз қойылғаннан кейін бес жыл ішінде қолайлы донор органын күтпестен көз жұмады.

Адамға шошқа бүйрегін трансплантациялау отасы бірінші рет жасалып отырған жоқ. Соңғы екі жылда мұндай әрекеттер екі рет жасалған.

Операциядан кейін науқастың денесі донорлық органды қабылдай алуы үшін трансплантацияға арналған шошқа бүйректері генетикалық бейімделу әдісімен арнайы өңделіп, гуманизацияланады.

ДНҚ тізбегінде ғалымдар төрт тек шошқа генін (GTKO, CMAH, B4GALNT2, GHR) тауып, "өшіреді", содан кейін оны алты адам генімен (CD46, CD55, CD47, THBD, PROCR, HMOX1) толықтырады.

Дегенмен, осы жолы дәрігерлер донорлық органның да қалыпты жұмыс істеп, оның барлық функцияларын орындайтынын қамтамасыз ете алды. Бастысы қанды сүзу және денені зиянды қалдықтардан (бірінші кезекте креатинин) тазарту нәтижесін алды.