20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компания сайтына сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаралы күн болып жарияланғанын мәлім етті.