Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан соңғы кеншінің мәйітін шығарды

AstanaTV
20.08.2023ж. 12:30
925
Құтқарушылар "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан соңғы кеншінің мәйітін шығарды

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 20 тамызда  "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан бесінші кеншінің мәйіті жер бетіне шығарылғанын хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов авариялық жұмыстарын жүргізу барысын одан әрі бақылап отыр.

"Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупі атап өтілді",-деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды,-деп жазады Zakon.kz.