Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада бірнеше жол учаскесі жабылды

AstanaTV
20.08.2023ж. 19:14
1078
Астанада бірнеше жол учаскесі жабылды

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Арай көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарына байланысты 19-21 тамыз аралығында Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.