$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Өлім алдындағы хат: Павлодарда хат жазып, кішкентай қызға ұстатқан адам табылмай жатыр

AstanaTV
20.08.2023ж. 21:54
2371
Өлім алдындағы хат: Павлодарда хат жазып, кішкентай қызға ұстатқан адам табылмай жатыр

Павлодардағы VITA іздеушілер жүйесіне кешкі мезгілде әйел адам қоңырау шалып, көмек сұраған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды. 

Әйелдің айтуынша, оның далада жүрген қызына бейтаныс адам хат ұстатып кеткен.

"Не істерімді білмеймін. Шарасыз күйге тап болдым. Менің кішкентай қызым көшеден қағаздарды алып келді. Бұл хаттарды велосипедпен жүрген бейтаныс адам берген. Бұл – өлім алдында жазылған мәтін. Учаскелік инспектор телефон тұтқасын алмайды", – дейді хабарласқан адам.

Телефон соққан әйелдің Теміржолшылар ауылында тұратыны белгілі болды және ол бұл хабарламаны кім жазып жіберуі мүмкін екенін мүлдем түсінбей отыр.

"Біз хаттың қашан жазылғанын және автордың қанша жаста екенін білмейміз, бәлкім ол Теміржолшылар ауылында тұрмауы да мүмкін. Ер адамның оны қайдан тапқанын және неге кішкентай қызға бергенін білмейміз. Әлеуметтік желіде табылған барлық Айнұр Р. деген қолданушыларға жаздық, бірақ ешқандай нәтиже жоқ", – дейді еріктілер.

Хатта белгісіз адам қарыздан шаршағанын, бұл өмірде жалғыз қалғанын айтып, өмірінің қиын екенін алға тартқан.