$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Қазақстанда жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

AstanaTV
21.08.2023ж. 11:27
1538
Қазақстанда жұмыс істемейтін ата-аналарға 21 млрд теңге жәрдемақы төленді

Соңғы бірнеше жылда елімізде жұмыс істемейтін ата-аналарға мемлекет бюджетінен қомақты сомада жәрдемақы төленіп келді. Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, тек 2023 жылдың 1 тамызына дейін 100 мыңнан астам адам жалпы сомасы 21 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.

«2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.