$504.34 €556.34 ₽5.97
×

Өткен аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

AstanaTV
21.08.2023ж. 11:54
1232
Өткен аптада елімізде  3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

Бір аптада еліміз аумағында 2 879 қылмыс тіркелді.

«Бір апта ішінде 2879 қылмыс жасалды, оның 1 779-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 5 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 29 тонау, 1 қарақшылық шабуылды және 398 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деп мәлім етті Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.

Еске салайық, осыдан бір апта бұрын да ел аумағында 2800-ден астам қылмыс жасалған еді. Ол жолы құқық қорғау органдары 10 кісі өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты.