$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

AstanaTV
21.08.2023ж. 14:58
1174
Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалды.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда ресми сапармен жүр.

Сапар аясында Қазақстан мен Вьетнам арасында 12 құжатқа қол қойылды.

Құжаттардың арасында Қазақстан мен Вьетнам Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бар.