Қызылорда облысында «Ақшабұлақ«кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.
19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында «Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт шыққан.
Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, бір адам медициналық мекемеге көрініп үйіне қайтарылды.
ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жай анықталуда.