Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды

AstanaTV
22.08.2023ж. 09:25
1523
Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды

Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесі бұл туралы өзінің TikTok парақшасында хабарлап, жазба жариялады. Видео 160 мыңнан аса қаралым, 5300 лайк жинаған. Кадрда гендер пати ұйымдастырған әнші ортадан көк түсті шарлар ұшқанда қатты қуанғанын көруге болады. Демек Назым Әбілдина жуық арада ұлды болады.

"Бұл сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Соңғы 2-3 жылда менің өмірімде көптеген өзгерістер болды. Мен осы уақытты отбасыммен және жақын адамдармен өткіздім. Жақсы жаңалығыммен келдім. Сіздермен қуанышымды бөлісейін",- деп жазды ол.

Желідегі парақшасында әншіні құттықтап оқырмандары пікір қалдырды.

"Жұғысты болсын", "Керемет сезім, бөпесі қасында", "Құттықтаймын", "Бізге де жұғысты болсын",- деп жазды олар.