Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен: Сегіз адамның денесі табылды

AstanaTV
22.08.2023ж. 10:17
1162
Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен: Сегіз адамның денесі табылды

Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде он бір адам батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сегіз адамның денесі табылды. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған. Қалған үш адамды іздеу әлі де жалғасуда.

Олар жол көпірінің жанында шомылу үшін белгіленбеген жерде батып кеткен.

Адамдарды іздеу үшін 144 адам, 16 бірлік техника, алты жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған.