Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екінші рет қойылған журналистердің сұрағына Бейсембаев:
Мектеп формасымен келу керек, болды. Өйткені бұл мектеп, – деді Оқу-ағарту министрі.
Еске салайық, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа "қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба" деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда министр тек:
Зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз тиіс, – деп қана жауап берді.